USD: 489.9 / 492.9
  • EUR: 572.0 / 577.0
  • RUB: 6.53 / 6.65
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Кибералаяқтар туралы "Байқа! Алаяқ!" комедиясы жарық көрді

Кибералаяқтар туралы "Байқа! Алаяқ!" комедиясы жарық көрді
Фильм тек әлеуметтік мәселені көтеріп қана қоймай, нағыз отбасылық туындыға айналған.

Алматы қаласында "Байқа! Алаяқ!" атты жаңа детективтік комедияның премьерасы өтті. Фильмнің режиссері – Дархан Саркенов, ал жобаның инвесторы – Tolqyn Film Fund жеке киноқоры. Картина 19 наурыздан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіле бастады.

Фильм қазіргі заманда өзекті тақырыпқа айналған кибералаяқтық пен адамдардың сенгіштігі туралы. Оқиға желісінің ортасында – онлайн қылмыстармен күрес бөлімінде жұмыс істейтін полиция қызметкері. Алайда тағдырдың тәлкегімен оның өз ата-анасы алаяқтардың құрбанына айналады.

Tolqyn Film Fund бас директоры Эрнар Құрмашевтің айтуынша, фильм тек әлеуметтік мәселені көтеріп қана қоймай, нағыз отбасылық туындыға айналған.

"Көбінесе қарт адамдар онлайн алаяқтардың құрбаны болады. Бұл фильмде де солай. Сюжет бойынша ата-ана балалары жинаған ақшаны алаяқтарға беріп қойып, кейін бәрін өздері түзетуге тырысады. Бұл фильм кем дегенде бір адамды алаяқтан сақтандырса, демек бекер түсірілген жоқ деген сөз", – дейді Құрмашев.

Қазақстандағы венчурлық модель бойынша толықметражды фильмдерге инвестиция салатын алғашқы жеке киноқордың бұл екінші жобасы. Алғашқысы – прокатта 876 млн теңге жинаған режиссер Әлішер Өтевтің "Дәстүр: Теріс бата" фильмі. "Байқа! Алаяқ!" фильмінен де осындай жоғары нәтиже күтіледі.

Көрермен қызығушылығын режиссердің аты да арттырып отыр. Дархан Саркенов – отандық кино саласындағы ең өнімді режиссерлердің бірі. Тек былтыр жеті фильм түсіріп, соның ішінде "Қолыңнан келсе алып қаш" атты хиті прокатта миллиардтан астам табыс тапқан.

Фильмде Қуандық Шәкіржанов ("Жас емес жұбайлар"), Бақыт Әліпбаева ("Күшік құда"), Жазира Еркін ("Қызым"), Бексұлтан Піләл ("Патруль") және Жахан Отарғалиев ("Джохан") ойнайды. Бексұлтан үшін бұл жоба ерекше маңызға ие,

"Бұл – менің басты рөлдердің бірін сомдаған алғашқы ірі жобам. Мен алаяқтарға қарапайым адамдар арасынан құрбандар табуға көмектесетін дропперді ойнаймын", – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз