Тікелей эфир

Қызылордалық 90 отбасы кәріз суы басқан көпқабатты үйде тұрып жатыр

Қызылордада 90 отбасы көктемнен бері айналасын кәріз суы басқан көпқабатты үйде тұрып жатыр.

Тұрғындар мұндай жағдайға түсуге шенеуніктердің шикі тірлігі себеп болғанын айтты. Қайта жаңғырту жұмысы кезінде салынған өте тар кәріз құдықтары тез толып, қалдық су жарты тәулікке жетпей далаға жайылады. Соның кесірінен өз үйлерінен шыққан лас судың иісіне өздері тұншығып отыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Тұрғындардың айтуынша, лас су санаулы сағат ішінде кәріз құдығының ернеуінен асып кетеді. Кейін далаға жайылып, жағымсыз иіс шығады. Көлкіген кір суды сорып шығаратын көлік бірде келсе, бірде келмей – әбігерге салады.

"Екі септик қойып кеткен. Бізге орталық кәріз жүйесін қосу керек. Үйге келгенде тереземізді аша алмаймыз. Үйіміз сасып кетеді. Балаларымыз сасық иістен уланып, ауырып жатыр", – деді үй тұрғыны Гүләйым Байманова.


Оқи отырыңыз: Екібастұзда құбыр жарылды: Тұрғындар жылусыз қалудан қорқып отыр.


Ал Қызылжарма ауылының әкімі кәріз құдықтары уақытша ғана орнатылғанын айтты.

"Осы тұрғын үй мен әскери бөлімге орталық кәріз жүйесі қосылады. Ол жұмысты биыл бастап үлгереміз деп айта алмаймын. Келесі жылға мердігер анықталса, жасап беретін болады", – деді Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Шәріп Әбдірахманов.

Серіктестер жаңалықтары