Мемлекетке келген шығын 2 млн теңгеге бағаланып отыр. Енді әкім жылы орнын босатады.
Қызылорда облысындағы Жаңадария ауылының әкімі екі жыл бойы заңсыз түрде артық жалақы алып отырған. Тек өзі ғана емес, қол астындағы бірнеше қызметкердің де жұмыс істемеген күндеріне айлық төлеген, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Еңбекақыны артығымен алған әкім мен қызметкерлер мемлекетке 2 миллион теңгедей шығын келтірген. Алайда заңбұзушылық үшін ешкім жауапкершілікке тартылмаған. Өйткені, құзырлы орган өкілдері әкімнің әрекетінен қылмыс белгілерін таппаған.
Ауыл басшысы кінәні есепшісіне ысырып отыр. Бұл мәселе облыстағы мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кеңесінде қаралып, артық жалақы алып келген әкім қызметінен босату туралы шешім шыққан.
"Әкім ретінде заңбұзушылықтардың алдын алудың орнына, ЭЦҚ-ны есепшіге беріп қойғанмын деген мәселені айтты. "Өзім жасаған жоқпын" деді. ЭЦҚ-ны беріп қою да заңбұзушылық болып табылады. Әдеп жөніндегі кеңестің толық құрамы әкімді атқаратын жұмысынан босату туралы ұсыныс берді", – деді Мемлекеттік қызмет істер агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
427
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
424
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
411
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
391
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
374
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
377
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
376
-
0
-
6
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
377
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
379
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
381
-
2
-
5
-