Тікелей эфир

Қытайда белгілі диктор Мұратбек Тесебайұлы өмірден озды

Ол дүниеден 83 жасында өтті.

Қытай қазақтарына белгілі диктор Мұратбек Тесебаев 83 жасында дүниеден озды, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Мұратбек Тесебайұлы

Мұратбек Тесебайұлы 1939 жылы 15 желтоқсанда Қытайдың Алтай аймағы Жеменей ауданында дүниеге келген. Ол еңбек жолының 58 жылын радиоға арнаған, эфирден толығымен 50 роман оқыған ардагер журналист, диктор.

Мұратбек Тесебаев – шетелдегі қазақ журналистикасының дамуына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары