Тікелей эфир

Құрбан айт-2023: Астанада мал сою орындарындағы санитарлық талаптар қандай?

Санитариялық талаптардың сақталуын санитариялық және ветеринариялық қызмет мамандары қадағалайды.

Елордада құрбандық шалынатын орындар анықталды. Онлайн-брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова құрбандық шалынатын орындарда малды дұрыс таңдау және сою туралы айтты. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

"Бөлінген мал сою пункттерінде санитариялық талаптардың сақталуын санитариялық және ветеринариялық қызмет мамандары қадағалайды. Өнімге жұмсалатын малдарды сою арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі. Одан өзге жерлерде немесе жеке секторда мал сатуға және құрбандық шалуға тыйым салынады", – делінген әкімдік хабарламасында. 

Союға жіберілетін мал ветеринариялық жағынан қолайлы шаруашылықтардан және жергілікті жерлерден жеткізілуі тиіс.

2023 жылғы 28-30 маусым аралығындағы мерекелік іс-шараларды өткізу кезеңінде астаналықтар арасында жаппай улану және ішек инфекцияларын болдырмау мақсатында:

- санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;

- малды жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындарда ғана союды ұйымдастыру және өткізу.

Мал союға арналған орындарға қойылатын негізгі санитарлық талаптар:

  • сою орындарының іргелес аумағын санитарлық тазалауды, абаттандыруды және аумақтың шаң болмауын қамтамасыз ету;
  • қалдықтар жинауға арналған контейнерлерді орнату;
  • іс-шараны өткізу кезінде арнайы бөлінген теріні сақтау орнын ұйымдастыру, оларды теріні қабылдау пункттеріне шығаруды қамтамасыз ету;
  • сумен қамтамасыз ету;
  • персонал мен келушілерге арналған құрал-саймандарды санитарлық өңдеу, дезинфекциялау және қол жуу құрылғысымен жарақтандыру;
  • қасапшыларды арнайы киіммен (алжапқыш, қолғап, бас киім, резеңке етік) және жеке гигиеналық заттармен (маска, қолғап, тері антисептиктері) қамтамасыз ету;
  • етті сақтауға арналған тоңазытқыштардың болуын қамтамасыз ету;
  • белгіленбеген жерлерде малды заңсыз сою фактісіне және ет өнімдерін рұқсат беру құжаттарынсыз (ветеринариялық анықтама немесе вет-куәлік) сатуға жол бермеу қажет.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары