Тікелей эфир

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үй салынады

Әрқайсының ауданы 80 шаршы метрлік 74 типтік үлгідегі үйдің учаскесі белгіленді.

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үй салынады. Негізгі құрылысты келесі аптада бастау жоспарланып отыр, деп хабарлады Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

"Тұрғын үйлер облыстық бюджеттің және демеушілердің қаражатына салынады. Құрылысты жергілікті мердігер мекемелер жүргізеді деп жоспарлануда", – деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов. 

Ықшамаудан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен – жарық және сумен қамтылған, газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Ықшамаудан аумағында екі мың орындық Binom мектебін салу жоспарланып отыр. 

Сонымен қатар 300 орындық балабақша құрылысы басталады. Тұрғындарға арналған шағын аллеялар салу жоспарлануда.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды.

 

Серіктестер жаңалықтары