Арал ауданында құрғақшылық 559 мал басының өліміне себеп болды.
Қазақстан тарихындағы қуаңшылыққа байланысты ең алғашқы төтенше жағдай Қызылорда облысы Арал ауданында жарияланды. Аудан бүгіннен бастап қызыл, сары, жасыл аймақтарға бөлінді, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
"Бірінші кезекте мал басын аман алып қалу үшін су ұңғымаларын қазу,жайылымдық және шабындық жерлерді суландыруғаканалдар тазаланып, су тоспалары салынуы керек. Бұл жобалар толық жүзеге асуы үшін Сырдария өзенінің Бұрмаұлақ арнасын бөгеп, Аспай суағытқысын іске қосу арқылы, Ақшатау-Қамбаш көлдер жүйесін суландыружұмыстары жүргізілуі тиіс. Жоғарыда аталған жұмыстардың ірі көлемдегі қаржыны қажет етуіне байланысты республика бюджетінен қаржы бөлу жөнінде Үкіметке хат жолданды", - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Қуаңшылық жағдайдағы ауылдық округтер "қызыл", "сары" және "жасыл" болып 3 аймаққа бөлініп, тізбесі әзірленген. Оның ішінде қызыл аймаққа 13 ауылдық округ, сары аймаққа 6 ауылдық округ және жасыл аймаққа 4 ауылдық округ енгізілді. Аудан бойынша 205 822 бас малға қажетті азық көлемі 184 640 тоннаны құраса, бүгінгі күнге ауданға 2190 тонна жеткізілді. Бұдан бөлек ауданнан ерікті жастардан 14 жасақ құрылып, шөп ору науқанына өз үлестерін қосуда.
Аталған жасақтар қазіргі таңда Қазалы ауданының Қарашеңгел, Көларық округінен, Қармақшы ауданының Жаңажол ауылынан және Сырдария ауданы Нағи Ілиясов және Шіркейлі ауылдарынан шабындық жерлерін шабуға жұмылдырылуда. Сонымен бірге, 11 шілде күні көршілес Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданына барып, жергілікті шаруашылықтармен кездесіп, шөп бағасын қол жетімді етумен қатар шабындық жерлерді оруға келісімге келінді. Қазіргі таңда аралдық 5 бригада шөп орымын бастап кетті.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-