Тікелей эфир

Қостанайда балабақшада өрт шықты

Ешкім зардап шеккен жоқ.

Бүгін Қостанайда сағат 12.30 шамасында №4 бөбекжайда өрт шықты. Бл туралы Облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына дабыл соғылғаннан кейін жеті минут өткен соң жеткен. Бірінші қабаттағы музыкалық бөлмеде ағаш және қағаздан жасалған сахна әшекейлері, терезенің ағаш жақтауы және кеңсе жабдықтары жанып кеткен.

18 қызметкер мен 30 бала ғимараттан шығып үлгерді, қалған 120-дан астам бала мен 14 жұмысшыға өрт сөндірушілер қауіпсіз жерге жетуге көмектесті. Өрт сөндірушілер келген соң 23 минуттан соң өрт ауыздықталды.


Оқи отырыңыз: 6 жасқа толған балалар балабақшадан мәжбүрлеп шығарылып жатыр. Оқу министрлігі бұған не дейді?


Зардап шеккендер болған жоқ, ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Серіктестер жаңалықтары