USD: 466.7 / 469.1
  • EUR: 534.5 / 539.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +21C
Все города

Қостанай әуежайы Ахмет Байтұрсынұлы есімін иеленді

Биыл Алаш көсемінің 150 жылдық мерейтойы өтеді.

Қостанайдағы халықаралық әуежайға ресми түрде Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың бұл туралы қаулысы НҚА ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды. 

Әуежайға Алаш көсемінің есімін беру туралы бастаманы әуежай қызметкерлері көтерген болатын. Кейін бұл ұсыныс депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ағартушысы, ғалым, ақын, аудармашы. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау