Тікелей эфир

Қошанов: Несие берудің шарттарын қайта қарап, қарыз алушыларға қойылатын талаптарды күшейту керек

Мәжіліс спикері кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасылар қарыздың кесірінен жалғыз баспанасынан айырылып қалуына болмайтынын атап өтті.

Парламенттік тыңдау барысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов несие беруде заңнамалық деңгейде талаптарды қатайту қажеттігін айтты.

"Дәрменсіз азаматтарға несие беруге тыйым салу керек. Онлайн-несие беру ережелерін қатаңдату керек. Несие берудің құлдық шарттарын қайта қарастыру қажет. Жеке тұлғаларға несиенің шекті пайызын төмендету маңызды. Бұл несиелерді коллекторлық ұйымдарға сатуға толық тыйым салу керек. Кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың жалғыз баспанасынан айырылып, көшеде қалуына жол бермеу керек", – деді Мәжіліс спикері.


Оқи отырыңыз: "Үш адамға кредит әперіп, үшеуін де өзім төледім". Қазақтар неге жақындарына несие алып беруге бейім?


Ол адамдардың несиені орындыорынсыз ала бастағанына назар аударды.

"Бұрынғы несиелері жабылмағанын біле тұра, банктер кезекті несиені қалай бере береді? Тәжірибе көрсеткендей, адамдар банктік келісімдердің шарттарына үңілмейді. Бұл асығыс әрекеттер кейін ажырасуға, маскүнемдікке, суицид, құмар ойындарға тәуелділікке алып келеді. Қаржы тұзағынан құтылуға тырысып, "жылдам" ақшаға ұмтылған адамдар қаржылық пирамидалардың және алаяқтықтың басқа да түрлерінің құрбанына айналады", – деп атап өтті Қошанов.

Серіктестер жаңалықтары