Тікелей эфир

Қазыбек Иса: Астананың атын қалай өзгертуді халықтан сұраған жөн

Депутаттың өзі елорданың Алтын орда деп аталғанын қалайтынын айтты.

Астананың атын қалай өзгертуді халықтан сұраған жөн, деді мәжіліс депутаты Қазыбек Иса журналистердің сауалына.

"Бұл жерде бәрі қоғамдық пікірге қарап отыр. Әріптестерім қоғамдық пікір бар болғаннан кейін мәселе көтеріп отыр. Маған елорданың атауын қайтадан Астана деп қою ұнамайды. Өйткені, Астана деп қойған кезде де біз қарсы болғанбыз. Астананың аты Астана дегеннен басқа қазақта сөз жоқ па? Сол кезде қарсы болғанның көбі қазір үйреніп қалған, "бренд" дейді", – деді Қазыбек Иса.

Мәжіліс депутаты астана атауына қатысты өзінің ұстанымын да жеткізді. 

"Фейсбук не өзге әлеуметтік желі арқылы халықтан қандай атау ұнайтынын сұраған дұрыс. Мәселен, менің ұсынатын атым – Алтын орда", – деді мәжілісмен. 


Оқи отырыңыз: Елордаға Астана атауын қайтару ұсынылды


Қазыбек Иса сонымен қатар 25 қазан – Республика күні мерекесін қайтару да халықтың ұсынысына сай көтерілгенін айтты. 

"25 қазан күні Егемендік декларациясы қабылданды. Көп адам Егемендік декларациясы елеусіз қала бере ме дегенді талайдан бері айтып келе жатыр. Соған байланысты дұрыс шешім шешті деп ойлаймын. Ал Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан болып қала береді. Екі рет тойлаймыз", – деді депутат.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары