Тікелей эфир

Қазақстанның солтүстігінде түнде 8 градусқа дейін күн суытады

Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар жаууы мүмкін.

Алдағы екі түнде Қазақстанның солтүстік жартысында -8°C аяз болуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

28-29 сәуірде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. 28 сәуірде оңтүстікте, ал келесі күні республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бірақ бұршақ жаууы күтілмейді.

29 сәуірде Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр қармен алмасуы мүмкін. Сонымен қатар, алдағы үш күнде еліміздің әр аймағында жел күшеюі мүмкін.


Оқи отырыңыз: Мамырда ауа райы тұрақсыз, ал жауын-шашын мол болады


Гидрометеорологиялық орталықтың хабарлауынша, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.

Серіктестер жаңалықтары