Тікелей эфир

Қазақстанның ірі қалаларында "Халық заңгері" акциясы ұйымдастырылады

30 мамыр күні Астанадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында "Халық заңгері" жалпыреспубликалық акциясы өтеді.

Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

Оған адвокаттар, нотариустар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полицейлер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, әділет, салық органдарының, жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасының қызметкерлері қатысады.

Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі.


Оқи отырыңыз: Былтыр әлем елдері әскери салаға 2,2 трлн доллар жұмсады. Бұл – рекордтық көрсеткіш


Сарапшылар акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ екенін айтуда.

Серіктестер жаңалықтары