Тікелей эфир

Қазақстанның алты облысында су тасқынына байланысты жолдардағы көлік қозғалысы шектелді

Жалпы ұзындығы 5825 метрді құрайтын тоғыз учаскедегі жолдарды су басты.

Қазақстанның алты облысында су тасқыны салдарынан жолдардағы көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».

10 сәуір күні сағат 18.00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қардың жылынуы мен кенеттен еруіне байланысты Ақмола, Атырау, Қостанай және Маңғыстау қалалары мен Солтүстік Қазақстан облыстарында жалпы ұзындығы 5825 метрді құрайтын тоғыз учаскеде еріген судың жолдың өту бөлігінде шығып тұруы оқиғалары тіркелді.

Алты облыста: Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында ұзындығы 658 шақырымнан асатын республикалық маңызы бар 14 тас жолда көлік қозғалысы шектелді.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның шығысында қар жауады


Жолдарға 726 техника мен 1713 адам жұмылдырылды.

Серіктестер жаңалықтары