Тікелей эфир

Қазақстандықтар көбінесе не себепті ажырасады?

Негізгі себептердің қатарында тұрмыстық зорлық-зомбылық бар.

Қазақстандық жұптардың ажырасуының негізгі себептерін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атады.

"Ұлттық баяндамаға сәйкес, Қазақстандағы отбасылардың 95,4%-ы отбасылық қарым-қатынасты сақтайды және қанағаттанады.Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда некелер саны 5,9%-ға, ал ажырасулар саны 5,3%-ға азайған", – деді Аида Балаева Сенатта өткен жиында.

Ол атап өткендей, ажырасудың негізгі себептерінің бірі:

  • ерлі-зайыптылардың біреуінің маскүнем, нашақор болуы;
  • тұрмыстық зорлық-зомбылық;
  • опасыздық;
  • құмар ойындарға тәуелділік;

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?


Көптеген қазақстандық балалы болу мүмкін болмағандықтан ажырасып жатыр. Министрдің айтуынша, әрбір алтыншы отбасы осындай жағдайға тап болады.

Серіктестер жаңалықтары