Президент біртіндеп ғалымдардың баспана мәселесі де шешіліп жатқанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы екі жылда ғалымдарды қолдауға бюджеттен қосымша қаражат бөлінетінін айтты.
"Біз ғалымдарға жағдай жасау керек деп жиі айтамыз. Бұл – құр сөз емес. Мемлекет тарапынан нақты жұмыс жасалып жатыр. Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейеді. Бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінеді", – деді ол.
Былтыр 284 жас ғалым баспана алды. 2024 жылы да ғалымдарды баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
"Биыл менің тапсырмаммен оларға тағы 200 пәтер берілетін болды. Осындай нақты шаралар арқылы еліміздегі ғылымды және жалпы ғалымдар қауымын қолдау жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады", – деді мемлекет басшысы.