Тікелей эфир

Қазақстандағы әкімдердің орташа жасы нешеде?

Ең жас әкім – Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Ел әкімдерінің жасы мен қызметтегі мерзіміне зерттеу жүргізілді. Ranking.kz компаниясының мәліметінше, бүгінде елдегі облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің орташа жасы 52,2 жасты құрайды.

Қазақстандағы ең қарт әкім Шығыс Қазақстан облысын басқарады, ол – Даниал Ахметов. Әкім 68,1 жаста. Одан кейін жаңадан құрылған Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев (59,6 жас) пен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин (58,7 жас) тұр.

Ең жас әкім – Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов (40,7 жас). Сондай-ақ жастар арасында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов (43 жас) пен елорда әкімі Алтай Көлгінов (44,5 жас) бар.


Оқи отырыңыз: Өңір әкімдерін тағайындау үшін президент мәслихатқа кемінде екі кандидат ұсынады


Мұрат Әйтенов әкім қызметіне 38 жасында кірісті. Оның қала басшысы лауазымындағы қызмет мерзімі – 2,5 жыл.

Ал Шығыс Қазақстан облысын басқарып отырған Даниал Ахметов әкімдердің ішінде ең ұзақ қызметте отырған адам. Ол бұл қызметте 7,7 жылдан бері қызмет етіп келеді. Облыс әкімі болып тағайындалғанда 60 жаста еді.

Ал Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиев әкім қызметіне енді тағайындалғандардың бірі. Оның бұл қызметті атқарып жатқанына бар болғаны 20 күн болды. 

Қазақстандағы әкімдердің жасы мен қызмет ету мерзімі. 2022 жылдың 21 шілдесіндегі жағдай бойынша. Сурет: ranking.kz

 

Серіктестер жаңалықтары