Ал бөлінген мыңдаған грант түгел игерілмейді.
Оқуға деп бөлінген қаражат қайта бюджетке қайтарылады. Мамандар, тіпті, шекті 50 балл жинаған түлектердің де грант иелену мүмкіндігі жоғары екенін айтады, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті 50 ұпай жинаған талапкердің де тегін оқуға түсуге мүмкіндігі мол. Сала мамандары гранттан қағылатын түлектердің таңдауы дұрыс болуы үшін Білім және ғылым министрлігі бөлінетін грант санын оқу жылының басында шығару керек екенін айтады. Былтыр 125 мың талапкер таласқан 51 мың гранттың 9 мыңы артылып қалған. Бұл орындар қайта екінші рет конкурсқа салынғанымен, 4 мыңы иесіз қалған. Өйткені, оқу грантын бөлу мәселесі дұрыс шешілмеген.
"Қайтадан үлестіргеннің өзінде 4 мың грантты бере алмай отыр. Себебі қазіргі жағдайда таңдауды өзгертуге болмайды. Екінші үлестіруге қатысты талаптар заңда анық жазылмаған. Заңда уақыты мен шарттары нақты көрсетілуі тиіс", – дейді JOO.KZ жобасының жетекшісі Қанат Өксікбаев.
Биыл да ҰБТ тапсыратын 130 мың түлекке деп бөлінетін мыңдаған гранттың ақысы бюджетке қайтарылуы мүмкін. Мамандар педагогика және медицина саласын таңдаған талапкерлер 13-шілдеге дейін, яғни грант конкурсына дейін арнайы сертификатты алып үлгеруі қажет екенін айтады. Ал шығармашылық мамандықты таңдағандар 7-шілдеге дейін құжат тапсыруға міндетті. Бірақ, бір ғана таңдау жасай алатын талапкердің белгілеген оқу орнына грант мүлдем бөлінбеуі мүмкін.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☪️ Қыздар арасында Құранды жатқа оқудан республикалық турнир өтеді. Жүлде қоры – 8,3 млн теңге
-
237
-
0
-
5
-
-
2🎓 "Болашақ" бағдарламасымен білім алуға болатын университеттер тізіміне 25 ЖОО қосылады
-
226
-
0
-
4
-
-
3💵💰 Қазақстандықтардың депозит көлемі 232 млрд теңгеге өсті
-
228
-
0
-
3
-
-
4✍️ Бүгін магистратураға кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды
-
316
-
0
-
5
-
-
5🏢 Сара Назарбаева негізін қалаған Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауы өзгереді
-
246
-
0
-
0
-
-
6👨👩👧👦 Үкімет қаулысы: Қазақстанда Аналар күні мен Әкелер күні мерекеленеді
-
254
-
0
-
1
-
-
7🥖🍎 Азық-түлік тауарлары 1,4 пайызға қымбаттаған. Ең жоғары баға – Ұлытау облысында
-
255
-
0
-
4
-
-
8🚌 Мемлекет басшысы Алматы қаласының қоғамдық көлік жүйесімен танысты
-
249
-
0
-
4
-
-
9💰1 млн 682,2 мың: Елімізде тіркелген жеке кәсіпкерлер саны өскен
-
258
-
0
-
2
-
-
10💸 Шекара маңындағы ауыл жұмысшыларының жалақысына 50 пайыз үстемеақы берілмек
-
271
-
0
-
4
-