Олардың қатарына жинақтағы ақшасы шекті мөлшерден асқан 258 мың отандасымыз кіреді. Сондай-ақ, жинағының 50 пайызын алуға мүмкіндігі бар зейнеткерлер мен аннуитеттік сақтандыру жасаған салымшылар бар, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қаңтар-наурыз аралығында 49 мыңға жуық азамат жинағын алуға өтініш білдірген. Оларға тиесілі сома 50 миллиард теңгеден асады.
Айта кетсек, зейнетақы қорындағы межелі сомадан асқан қараждатын үй алуға немесе ем-домға пайдалануға мүмкіндік беретін бағдарлама 2021 жылы іске қосылған еді. Бағдарламаның алғашқы жылы 31-45 жас аралығындағы азаматтар өте көп өтініш берген. Ал, былтырдан бастап 61-63 жастағы салымшылар зейнетақы қорындағы ақшаны белсенді түрде алып жатыр.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері қандай?