Қазақстанда үш адамнан тұратын топ қоғамдық бірлестікті тіркей алады. Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында осындай түзетулер көзделген.
Заң жобасы азаматтық қоғамды одан әрі дамыту және жаңа қоғамдық бірлестіктер құру тәртібін жеңілдету мақсатында әзірленген. Қолданыстағы заңнама қоғамдық бірлестікті кемінде 10 адамнан тұратын топтың тіркеуін қарастырады.
"Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңның 10-бабына сәйкес, қоғамдық бірлестікті құру үшін құрылтай съезін шақырып, жарғы қабылдайтын және басқару органын құратын кемінде 10 адамнан тұратын азаматтар тобының бастамасы қажет", – деп жазылған қолданыстағы заңда.
Заң жобасы халықаралық стандарттарға сәйкес бірлестіктер бостандығы тұрғысынан азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Оқи отырыңыз: Сауда министрлігі тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кеңес өткізді
Заң жобасы сондай-ақ мыналарға бағытталған ережелерді көздейді:
- қолданыстағы заңнама нормаларын, атап айтқанда, республикалық маңызы бар қалалар қоғамдық бiрлестiктерiнiң мәртебесiн айқындайтын нормаларды сәйкестiкке енгiзу;
- қоғамдық бірлестіктер құруға байланысты мәселелерді құқықтық реттеу туралы.
Парламент Мәжілісінің барлық комитеттері заң жобасына оң қорытынды берді.