USD: 465.9 / 468.3
  • EUR: 532.5 / 537.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Қазақстанда тәттілер 14% қымбаттады

Шоколад 11% қымбаттады.

2023 жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында шоколад пен қанттан жасалған шоколад және кондитерлік өнімдер өндірісі 68,8 мың тоннаға жетті. Бұл туралы energyprom.kz жазды.

Бұл 2022 жылғы қаңтар–тамыз айларымен салыстырғанда 18,2% көп. Тиісті кезеңде сектордағы көрсеткіштердің өсуі екінші жыл қатарынан байқалды.

2023 жылғы қаңтар–шілде айларында ішкі нарықта шоколад пен қанттан жасалған шоколад және кондитерлік өнімдерді сату көлемі 2022 жылғы қаңтар–шілде айларымен салыстырғанда 23,2% артып, 111,9 мың тоннаны құрады. Осы кезеңде экспорт 5% қысқарып, небәрі 17,8 мың тоннаны құрады.


Оқи отырыңыз: Алматы қаласында дәрі-дәрмек бағасы бір жылда 18% қымбаттады.


Биыл қыркүйек соңында шоколад бағасы бір айда небәрі 0,4% өскен. Салыстыру үшін: 2022 жылдың қыркүйегінде айлық өсім 2,5% болды. Шоколад бағасының жылдық өсімі 10,8%-ды құраса, бір жыл бұрын бағаның өсуі 21,5%-ға жеткен

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау