Тікелей эфир

Қазақстанда синтетикалық есірткіге еліткен жастар күрт артты

Республикада 18 мыңнан аса адам нашақор ретінде диспансерлік есепте тұр.

Қазақстанда синтетикалық есірткіге тәуелді адамдар көбейді. Олардың басым бөлігі – жастар. Республикада 18 мыңнан аса адам нашақор ретінде диспансерлік есепте тұрса, олардың ішінде жастардың үлесі 16 пайызды құрайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Арнаға аты-жөнін жасырып, бет-жүзін көрсетпеуді сұраған азамат сұхбат беріп, соңғы бес жылдан бері есірткісіз өмір сүруге талпынып жүргенін айтады. Отыз жастағы Қызылорда тұрғынына жаман әдеттен айырылу үшін көбіне ерік-жігер жетпей жатады екен. Бастапқыда есірткіні достарымен көңіл көтеру үшін пайдаланған ол қалай тез арада тәуелді болғанын түсінбей қалған. Ал өзіне бақылауды жоғалтқан сәтте наркотикалық заттардың бірнеше түрін қолданып көріпті.

"Өмірім астаң-кестең болды. Анама обал. Қазір қойғым келеді. Бірақ, қоя алмайсың, іздейсің", – дейді ол.

Нарколог дәрігерлер қазір жастар арасында есірткіге әуестік жиілеп кеткенін растайды. Әсіресе синтетикалық есірткіні көп қолданатын болған. Ал түрлі химиялық қоспалардан жасалатын бұл түрі адамды бір рет пайдаланғаннан-ақ тәуелді қылады. Синтетикалық есірткіге еліткен адамның жүйке жүйесі бірден зақымданады. Сөйлеу, есте сақтау қабілеті нашарлайды. Ұйқысыздық, мазасыздықтан бөлек күйзеліске түседі. Қан тамырлары ауруларына шалдығады.


Оқи отырыңыз: 


"Ең маңызды органдардың функцияларын күйреткеннен кейін ол тұлға ретінде күйрейді. Барлық өмірдегі құндылықтарын жоғалтады. Ондай азаматтардың өмірі өте қысқа болады", – дейді дәрігер Гүләйім Сейілханова.

Соңғы есеп бойынша Қазақстанда 3 мыңдай жас нашақор ретінде есепке алынған. Қазір есірткіге тәуелділіктен емделіп жатқандардың арасында кәмелетке толмаған жасөспірімдер де жетерлік.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары