Қазақстанда педагог-ассистенттердің саны екі есе артты

Олардың саны 700-ден 1 454-ке дейін өскен.

Биыл отандық мектептерде педагог-ассистенттердің саны екі есе – 700-ден 1 454 маманға дейін өсті, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда педагог-ассистенттер ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көбірек көңіл бөлуді талап ететін инклюзивті оқытуда сұранысқа ие. Педагогтер олардың мектепке және оқу үрдісіне бейімделуіне көмектеседі.

"1,5 мыңға жуық педагог-ассистент ерекше балалар оқитын мектептерде жұмыс істеп жатыр. Олар мұғалімнің өзін алмастыра алмайды. Десе де педагог-ассистенттер ерекше рөл атқарады, олар балаларға бағыт беріп, оқу үрдісіне бейімделуге көмектеседі. Біз ерекше қажеттілігі бар балалар туралы айтып отырғандықтан, мысалы, егер бала өздігінен қозғала алмаса, онда педагог-ассистенттер техникалық көмек көрсетеді. Не балаға дефектологтың көмегі қажет болса, педагогикалық қолдау жасайды", – деді Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда оқу жылын тағы бір айға созу ұсынылды


Сонымен қатар педагог-ассистент ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Қажет болған жағдайда оқу бағдарламалары оқушылардың қажеттіліктеріне қарай бейімделеді. Педагог-ассистенттер өткен материалды меңгеруге көмектесіп қана қоймай, ерекше баланың дағдыларының даму деңгейін де бақылайды. 

Қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарда да педагог-ассистент лауазымын енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары