2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 117 469 теңге болды. 1 маусымдағы көрсеткіш – 105 189 теңге.
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстандағы зейнеткерлер саны – 2 млн 247 мың адам болды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Аталған мерзімдегі жағдай бойынша, Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 117 469 теңгені құрады.
"1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтарға 1,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. 2022 жылғы маусымда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 261,9 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 79,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 182,6 млрд теңге бөлінді", – делінген министрліктің ресми хабарламасында.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинағын шешуге арналған жеткіліктілік шегі артты
- Ерікті зейнетақы жарна ақшасынан екі рет салық төлемеудің жолы қандай?