Тікелей эфир

Қазақстанда мамыр айының соңында "Жазғы мектеп" басталады

Мұғалімдер балаларға баға қоймайды немесе үй тапсырмасын бермейді.

27-31 мамыр аралығында қазақ оқушылары үшін "Жазғы мектеп" басталады. Ол су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің оқушылары, сондай-ақ қыста қашықтықтан оқығандар үшін өткізілуде. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Негізгі мақсат – оқушылардың білімінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру арқылы білім сапасын арттыру.

"Су тасқыны орын алған өңірлердегі 2 622 мектептің оқушылары үшін «Жазғы мектеп» аясында өз уақыттарын пайдалы өткізу мүмкіндігі берілуде. Оқыту икемді кесте бойынша қызықты форматта ұйымдастырылады. Жазғы мектеп су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұратын, сондай-ақ қыс мезгілінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқытудан өткен 832 мың оқушыны қамтиды деп жоспарлануда. Оқуға балалардың қызығушылығын тудыру мақсатында мұғалімдер баға қоймайды және үйге тапсырма бермейді", - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.


Оқи отырыңыз: Ата-аналар жазғы мектепке неге қарсы?


Айта кету керек, "Жазғы мектепке" балалар өз еркімен және ата-аналарының келісімі бойынша қабылданады.

Серіктестер жаңалықтары