Тікелей эфир

Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды: Биыл 19 мыңнан астам адам әскерге алынады

Шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес бірінші қыркүйектен бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны басталады.

Шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Жергілікті атқарушы органдардың шақыру пункттерінде 195 қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмыс істейді.

"Биыл күзде барлығы 19 мыңнан астам адам әскерге алынады деп отыр. Қарулы күштер қатарына 8 мыңның үстінде, Ұлттық ұланға – 6 мың, ҰҚК Шекара қызметіне – 3 мың, Мемлекеттік күзет қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне 300 азамат шақырылады", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: 45 жастағыларды шақыру: Қазақстанның оңтүстігінде орта жастағы ер адамдар не себепті әскери комиссариатқа шақырылып жатыр?


Қорғаныс министрлігі 70-тен астам жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерімен мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар үшін білім беру секторында қосымша жеңілдіктер беру туралы келісімге қол қойды. Бұл ретте жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін әскерде қызмет еткен 180-нен аса қазақстандық, ақылы түрде 400-ден астамы түсті.

Серіктестер жаңалықтары