Тікелей эфир

Қазақстанда колледж студенттерінің шәкіртақысы 50% өседі

Шамамен 300 мың студент шәкіртақы көлемі ұлғайтылған шәкіртақы алады.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап 250 000 колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға ұлғайтылды. Биыл 300 мың оқушыға тағы 50%-ға ұлғайтылады, деп хабарлайды ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметі.

"Орта буын мамандықтары студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі", – деді техникалық және кәсіптік білім басқармасының бас сарапшысы Дархан Сатанов.


Оқи отырыңыз: 1 қыркүйектен бастап студент, магистрант, докторанттардың шәкіртақысы өседі


Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге әлеуметтік қолдау: тамақ пен жолақы беріледі. Еліміздегі колледждерде барлығы 542 мың студент оқиды, оның 344 мыңы тегін техникалық және кәсіптік білім алуда.

Серіктестер жаңалықтары