Ал пәтерді сату бағасы 1-1,2%-ға өскен.
2022 жылдың қазан айымен салыстырғанда қарашада қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы 1%-ға, жаңа тұрғын үйді сату 1,2%-ға өсті. Алдыңғы аймен салыстырғанда қарашада тұрғын үйді жалдау ақысы 2,4%-ға төмендеді, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
2022 жылғы қарашадағы 1 шаршы метр тұрғын үй бағасы:
- жаңа баспана – 435 861 теңге;
- қолданыстағы пәтерлер нарығы – 489 704 теңге;
- тұрғын үйді жалға алу – 4 754 теңге.
Бір жылда (2022 жылғы қараша 2021 жылғы қарашаға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 26,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату 17,3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда биылғы қарашада 48,6% артты. Өңірлер бөлінісінде жылдық мәнде жаңа үйлер бағасы Ақтөбе – 30,3%, Семей – 26,9%, Ақтау – 25% қалаларында қымбаттады.
Қолданыстағы пәтер нарығы саудасындағы баға өсімі бойынша тізімді – Талдықорған (44,6%), Ақтау (43,3%), Семей (42,8%), Ақтөбе (42,4%), Астана (41,7%), Қызылорда қалалары бастап тұр (41,2%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығындағы жоғары қымбаттау Алматы (76,6%), Қарағанды (55,7%), Қостанай қалаларында (54,5%) байқалды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылы қанша өтінім және қандай мақсатта мақұлданды?
-
349
-
0
-
2
-
-
2Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 8 мыңға жуықтады
-
364
-
0
-
4
-
-
3Wildberries Алматыда логистика орталығын салуды жоспарлап отыр
-
351
-
0
-
3
-
-
4🇰🇿 Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына қатысты өзгеріс енгізілді: енді өз елінің паспорты керек
-
352
-
0
-
2
-
-
5📣 20 ақпанда қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға өтінім қабылдау басталады
-
364
-
0
-
0
-
-
6⚡️ҰБТ-ға дайындық үшін ата-аналардан 10 млн теңге алған алаяқ мұғалім ұсталды
-
362
-
0
-
0
-
-
7🚗 4 пайыз автонесие: 463 қатысушы төлем шотын алып үлгерді
-
380
-
0
-
0
-
-
8Билеті жоқ балаларды қоғамдық көліктен түсіріп тастауға заңмен тыйым салынбақ
-
348
-
0
-
4
-
-
9Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
-
334
-
0
-
3
-
-
10Түркия ЖОО-да 8 мыңнан астам Қазақстан студенті оқиды
-
337
-
0
-
0
-