Сериалда ғарышкерлердің Байқоңыр айлағынан Халықаралық ғарыш станциясына дейінгі саяхаты көрсетіледі.
Шым-шытырық оқиғаларға толы туынды француз кино мамандарының қолынан шықпақ. "Инфинити" деген атаумен жарық көретін бұл сериал Франция, Украина мен Қазақстанда түсіріліп жатыр, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Туындыда басты рөлді қазақстандық актер Данияр Алшынов сомдайды. Оның кейіпкері Исаак Тұрғын есімді қазақстандық полицей. Одан бөлек сериалдағы қосалқы рөлдерге Канн кинофестивалінің жеңімпазы Самал Есләмова және француз актерлері түсіп жатыр. Алты сериядан тұратын фантастикалық туындының тұсаукесері 2022 жылдың көктемінде өтеді деп жоспарланған. Сериал алдымен француз тілінде жарыққа шықса, кейін қазақ және басқа да тілдерге аударылады.
"Сериалдың желісі Байқоңырда өтеді. Қазақ полицейі ғарыш айлағында ғарышкердің мүрдесін тауып алады. Осы қылмысты ашу жолында сан түрлі шытырман оқиғаларды бастан өткереді. Фантастикалық жанрдағы сериал көрермендердің көңілінен шығады деп сенемін", – деді режиссер Тьерри Пуаро.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1➡️Еуразиялық интеграция институты: Amanat партиясы 53,46% дауыс жинады
-
311
-
0
-
5
-
-
2🗳 Парламентке бес партия өтеді
-
316
-
0
-
2
-
-
3🔵Қазақстандықтар қай партияға дауыс берді?
-
314
-
0
-
5
-
-
4🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
259
-
0
-
7
-
-
5🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
238
-
0
-
2
-
-
6👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
230
-
0
-
0
-
-
7✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
211
-
0
-
0
-
-
8«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
208
-
0
-
0
-
-
9💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
213
-
0
-
4
-
-
10🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
213
-
0
-
3
-