USD: 474.9 / 477.9
  • EUR: 543.0 / 548.0
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Қазақстанда Әкімшілік полиция және Көші-қон қызметі комитеттері таратылады

ІІМ құрамында Ұлттық ұлан бас қолбасшылығы мен Қылмыстық-атқару комитеті ғана қалады.

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, ҚР Ішкі істер министрлігінің құрамындағы Әкімшілік полиция комитеті мен Көші-қон қызметі комитеті таратылады.

ІІМ құрамында Ұлттық ұлан бас қолбасшылығы мен Қылмыстық-атқару комитеті ғана қалады.

Министрліктің түсіндіруінше, комитеттер ҚР президентінің ІІМ құрамында басқа құқық қорғау органдарымен (Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті) ұқсастығы бойынша қызмет құру туралы тапсырмасын орындау аясында таратылады.  

Жобада таратылатын комитеттер төрағалары мен олардың орынбасарларының еңбекақы төлеу санаты мен шекті арнаулы атақтары өзгеріссіз қалатыны жазылған.

Қаулы жобасы 19 желтоқсанға дейін қоғам талқысына ұсынылған.


Оқи отырыңыз: "Ескі мен жаңаның арасынан таңдау жасаймыз". Президент жолдауының толық мәтіні


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау