Қазақстан оқушылары халықаралық байқауда түгел медаль алды

Қазақстанның оқушылар Эль-Айн қаласында (БАӘ) өткен биология бойынша 34-ші халықаралық олимпиадада жеңімпаз болды. Елімізден қатысқан төрт оқушы да жүлде алды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады. 

IBO – 15 пен 21 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған ғылыми жарыс, 1990 жылдан бастап өтіп келеді. Биылғы жарысқа әлемнің 79 елінен 316 оқушы барған. Қазақстан құрама командасының қатарында Астана және Алматы қалаларының төрт оқушысы қатысып, бәрі де олимпиаданың жүлделі орын алды. 

"Медальдар қоржынын екі күміс жүлдемен Омар Дінмұхаммед пен Бақдәулет Ерназаров толықтырды. Ал қола медальді Ғалымжан Бақтыбай мен Ислам Амангелді алдыі, – деді "Дарын" РҒПО зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің әдіскері Гүлсара Мұқаш.

Халықаралық комитет биология бойынша 35-ші халықаралық олимпиада (IBO-2024) Қазақстанда ұйымдастыру туралы шешім шығарды. Еліміз бұл олимпиаданы алғаш рет өткізеді.  

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз