Тікелей эфир

Қазақстан нарығында көлік бағасы арзандады

Соңғы 9 жылдан бері нарықта көлік бағасы дәл бұлай түспеген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың желтоқсан айында темір тұлпарлардың тұтыну бағасы қарашамен салыстырғанда 2,5% төмендеген, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

2015-2021 жылдар аралығында автомобиль құны ай сайын қымбаттаған болатын. Сондай-ақ, 2023 жылы жеңіл көлік өндірісі де, импорт та айтарлықтай ұлғайған. Мәселен, өткен жылдың 10 айында қазақстандықтар шетелден 130 мыңға жуық көлік әкелген екен. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 2,6 есеге көп.


Оқи отырыңыз: Шетелдік көліктерді заңдастырмаған жағдайда қандай жаза қолданылады?


«Көліктің құны арзандайды деп айта алмаймын. Оған ешқандай экономикалық фактор көріп тұрған жоқпын. Қазір нарықта бәсекелестік көп. Корея, Қытай, Жапония көліктері шығуда, сондықтан маркетингтік акциялар болады. Бұл Қазақстандағы барлық автокөлік арзандайды дегенді білдірмейді. Автокөлік нарығы тұрақты болады және баға сәл өседі деп ойлаймын. Егер адамға көлік керек болса, әрине, қазір-ақ алса болады. Өйткені ертең баға түседі деп күтіп жүре беруден пайда жоқ», – деді Тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы Эдуард Эдоков.

Серіктестер жаңалықтары