ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қайғылы күндерде дербес шешім қабылдап жатқанын мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының кейінгі шешімдері мен үндеулері бойынша блогосферада әртүрлі сипаттағы түсіндірмелер жарияланып жатыр. Осыған байланысты мынадай мәлімдеме жасау керек деп санаймын: Қасым-Жомарт Тоқаев – мемлекетіміздегі ең жоғары лауазымды тұлға және Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы. Сондықтан Мемлекет басшысы дербес шешім қабылдайды", – деді Берік Уәли.
Оның сөзінше, Конституциялық құрылымға нұқсан келтіруді көздеген содырлардың Қазақстанға шабуыл жасаған қайғылы күндері де осылай болған.
"Қасым-Жомарт Кемелұлы отандастарымызға арналған өзінің үндеулерін кеңесшілердің көмегінсіз әдеттегідей өзі жазды", – деп түсіндірді Берік Уәли.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63