Тікелей эфир

Қасым, Жомарт, Кемел: Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Түркістан облысында өмірге келген үшем бүгін отбасымен қауышты.

Түркістан облысында Қасым, Жомарт, Кемел атты үшем дүниеге келді, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Келес ауданы Абай ауылының 33 жастағы тұрғыны жеті қыздан кейін үшем босанып, 10 баланың анасы атанды.

Көптен күткен ұлдарына Қасым, Жомарт есімдері, қыз балаға Кемел есімі берілген. Түркістан облысында өмірге келген үшем бүгін отбасымен қауышты.

Әкімдік мәліметінше, Қасым, Жомарт, Кемел - Мыңжасар отбасының көптен күткен қуанышы. Гүлназ Мыңжасар мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 33-ші аптасында босанған. Көпбалалы анаға ота жасалған. Әкесі Бахыт Мыңжасар құрылыста жұмыс істейді. Ал анасы жұмыссыз. Балалардың есімін анасы қойған. Үшем шала туған, балалардың салмағы 2 000 грамм шамасында.

"Ота жасаған және жалпы №1 перинаталдық орталығының акушерлік блогына алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қаматамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Есімдерін Президентіміз сияқты үлкен азамат болсын деген ырыммен Қасым, Жомарт, Кемел деп қойдық", – деді үшемнің анасы.

Серіктестер жаңалықтары