Тікелей эфир

Қарағандыда киікті сойып алған браконьер ұсталды

Қазіргі уақытта тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Күдіктінің айтуынша, ол жол бойынан әлсіреп қалған киікті көріп, қалтасындағы пышағымен сойып алған. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

16 қаңтар күні Қарағанды облысы полиция департаменті және Абай аудандық полиция басқармасы табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері "Аңшылық Крафтметиз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қорықшыларымен бірлесіп заңсыз аң аулаудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді.

"Сағат 21:00 шамасында полиция қызметкерлері Жезқазған – Қарағанды тасжолының бойында жол шетіне тамған қан іздерін көріп, онымен жүріп отырып, сол маңға жақын ауылға келген. Жол шетіне тамған қан және көлік ізі полицейлерді ауылдың 65 жастағы тұрғынының үйіне әкелген. Полиция қызметкерлерімен үй иесіне тиесілі үйге жапсарлас орналасқан қораны тексеру барысында киік еті тәркіленді", – деп жазылған хабарламада.

Күдіктінің айтуынша, ол жол бойынан әлсіреп қалған киікті көріп, қалтасындағы пышағымен сойып алған.


Оқи отырыңыз: Түйе ұрлап, сойып, сатып жіберген


Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары