Тікелей эфир

Қарағанды облысында қара отын бағасы қымбаттады: рапид тас көмірінің тоннасы – 15 мың теңге

Өңірдің өзінде көмірдің оннан астам түрі сатылады.

Көмірдің отаны Қарағандыда қара отын бағасы жылыту маусымы басталмай жатып қымбаттады. Өңірде әр көмір түрінің тоннасы шамамен 500 теңгеге көтерілген. Сатушылар бағаның өсуін – жанар-жағармай құнының көтерілуімен байланыстырып отыр, деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Қарағандыда әзірге Шұбаркөл мен Кузнецк көмірі тұрақты жеткізіліп жатыр. Олардың құны биыл бес жүз теңгеге қымбаттаған.

"Әзірге біз тұрақты түрде көмірдің екі түрін әкеліп жатырмыз. Шұбаркөлдің бағасы тоннасына 11 500 теңге, ал Кузнецк көмірі 8 500 теңгеден. Бір Қарағанды облысының өзінде оннан астам көмір түрі бар. Олардың ең қымбаты – рапид тас көмірі. Тоннасы 15 мың теңге . Ал ең арзаны – Дубовский және Сары адыр. Құны 7500 теңге көлемінде. Бұлардың бәріне қазірдің өзінде 500 теңгеден қосылған", – дейді көмір тасымалдаушы Дмитрий.


Оқи отырыңыз: Көмір бағасы қандай? Биыл қымбаттай ма?


Өңірде көмірді сатып алу орындарына бармай-ақ, үйде онлайн сайттар арқылы тапсырыс беріп сатып алуға болады. Бірақ, баға офлайн сатып алудан сәл қымбаттырақ. Қала ішінде тапсырыс жасағанда көмірді жеткізіп беру бағасы 5 мыңнан 15 мың теңгеге дейін. Ал қала сыртындағы ауыл-аймақтарға жеткізу жолдың ұзақтығына қарай 100 мың теңгегеден асып жығылады.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Серіктестер жаңалықтары