Тікелей эфир

Қар, жауын-шашын, тұман: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде күндіз ауа температурасы 10-20 градус жылы болады.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, Қазақстанның кей аймақтарында 14, 15 және 16 қазанда жауын-шашын болады.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар, жаңбыр жауады. Шығыс Қазақстан облысында 16 қазанда қатты жаңбыр жауады. Республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Қазақстанның барлық аймақтарында тұман түсіп, жел күшейеді.

Еліміздің басым бөлігінде күндіз ауа температурасы 10-20 градус аралығында жылы болады.  Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде түнде үсік болуы мүмкін. Ауа температурасы 1-3 градус аралығында жылы болады.


Оқи отырыңыз: Паспортты 1 күнде алуға болады. Ол үшін не істеу керек және қызмет ақысы қанша?


 

Серіктестер жаңалықтары