Новости спорта

Қаңтардағы ҰБТ тапсыру уақыты кейінге шегерілді

Магистратура мен докторантураға құжат қабылдау мерзімі де ұзартылды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ тапсыру уақытының өзгергенін хабарлады.

 

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялады. Контртеррористтік  операциялар жалғасуда, дегенмен қазіргі уақытта барлық өңірлерде тәртіп орнықты. Дер кезінде енгізілген төтенше жағдай оң әсерін тигізді”,– деді Асхат Аймағамбетов.

 

Елдегі жағдайға байланысты қаңтарда өткізілетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау 21 қаңтарға дейін жүргізіледі. Бұның алдында өтініштерді қабылдау 24 желтоқсан және 5 қаңтар аралығында жоспарланған болатын.

 

10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында жоспарланған ҰБТ өткізу уақыты да шегерілді. Ол 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өткізілетін болады. Бүгінгі кезде 100 мыңға жуық үміткер құжат тапсырған.

 

Министрлік магистратура мен докторантураға құжаттарды тапсыру және қабылдау мерзімін де 24 қаңтарға дейін ұзартқан.

 

Министрдің айтуынша, екінші қабылдау науқаны кезінде мыңнан аса қазақстандық грант иегері атанған.

 

“Осындай күрделі жағдайда жүзеге асырылып жатқан шараларды қолдап, бәріміз Қазақстан Республикасының Президентін қолдауымыз қерек”,– деді Асхат Аймағамбетов.

 

Еске салайық, мектеп оқушыларының каникулы 17 қаңтарға дейін және студенттердің каникулы 24 қаңтарға дейін ұзартылды.

Informburo.kz арнайы хабарларын YouTube желісінде көріңіз.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары