Тәуелсіздік алғалы бері оларға тек 8 444 тұрғын үй берілген.
Қазақстанда жетім өскен және кәмелет жасына толған 62 351 адам баспана кезегінде тұр. Олар тек 120 жылдан кейін ғана түрлі бағдарламалар бойынша баспаналы болу немесе оны сатып алу құқығына ие болады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Ирина Смирнова премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында айтты.
"Бүгінгі таңда жетім өскен және кәмелет жасына толған 62 351 адам баспана кезегінде тұр. Тәуелсіздік алғалы бері тек 8 444 тұрғын үй берілген. Оның ішінде тек тегін баспана ғана емес, сатып алынатын баспана да бар. Яғни, мұндай жағдайда кезекте тұрғандар тек 120 жылдан кейін ғана түрлі бағдарламалар бойынша баспаналы болу немесе оны сатып алу құқығына ие болады", – деді депутат.
Оқи отырыңыз: "15 жылдан бері үйсіз жүрміз". Атырауда жетімдерге арналған үй кезегі неге жылжымай тұр?
Ирина Смирнова Петропавлда 1,5 мың пәтердің табылғаны, Қарағандыда азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына арналған тұрғын үйлерді мемлекеттік қызметкерлерге заңсыз бөлу фактілері және басқа да мәліметтер жетім балаларға арналған баспана бар екенін көрсететінін айтты. Алайда депутаттың айтуынша, шенеуніктер пәтерлерді қолдан шығарғысы келмей отыр.
"Қазақстан халық партиясы ел азаматтарының осы санатын тұрғын үй жолдамасы, тікелей баспана, жекешелендіру құқығымен жалға берілетін тұрғын үй және басқа да әдістер арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігін жедел қарастыруды ұсынады. Мемлекет өз балаларының алдындағы қарызды өтеуі керек", – деді депутат.
Сондай-ақ, ол елден заңсыз шығарылған 670 миллиард теңгенің есебінен қысқа мерзімде жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету мүмкіндігі ашылатынына сенім білдірді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🎾 Бейбіт Жұқаев - Little Rock Challenger турнирінің ширек финалына шықты
-
245
-
0
-
2
-
-
2↕️ Telegram-бот 100 беттік лирикалық жинақты дыбыстады - Мақпал Жұмабай
-
253
-
0
-
3
-
-
3🤖 Қызылордада Қорқыт ата университеті жанынан жасанды интеллект мектебі ашылады
-
233
-
0
-
3
-
-
4✍️ Әр жеңімпаз 4 млн теңге сыйақы алады: Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі
-
244
-
0
-
4
-
-
5🕯🔥 "Тағы қайталана ма деп қорқамыз". Өткен қыста жылусыз қалған Екібастұз халқы қаладан көшіп жатыр
-
259
-
0
-
5
-
-
6💡 Маңғыстау облысында кәсіпкер бюджеттің 249 миллион теңгесіне көшеге жанбайтын жарық шамдар орнатқан
-
244
-
0
-
7
-
-
7🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды
-
247
-
0
-
4
-
-
8😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
244
-
1
-
7
-
-
9💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
217
-
0
-
2
-
-
10💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
218
-
1
-
5
-