Тікелей эфир

"Кері қайтарылмайды". Бейсембаев оқу жылының 31 мамырда аяқталуы жайлы

Бұған дейін министрлік бұл шешімді қайта қарайтынын мәлімдеген еді.

Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Ғани Бейсембаев Қазақстанда оқу жылының 31 мамырға дейін созылуына қатысты пікір білдірді. Бұған дейін министрлік бұл шешімді қайта қарайтынын мәлімдеген еді.  

"Биыл оқу жылы 31 мамырға дейін созылады. Ол кері қайтарылмайды. Бұл әлемде бар үрдіс. Кей мемлекеттер 42 аптаға дейін оқып жатыр. Бір мәселенің басын ашып алу керек, бізге балалардың білім деңгейінің жоғары, әлемдегі бәсекелестікке қабілетті болғаны керек пе немесе мақсатымыз басқа ма? Бұл биыл ғана енгізіліп жатқандықтан, соңына дейін жеткізіп, нәтижесін қарау керек", – деді Ғани Бейсембаев.

Дегенмен министрлік бұған дейін оқу жылынң созылуын қайта қарастыратынын мәлемдеген еді. Министрдің міндетін атқарушы осы мәселеге қатысты сарапшылардың нәтижесін бөлісті. 

"Мен бұл мәселеге қатысты қоғамда әртүрлі пікір туындағанына байланысты сарапшыларды жинап, тағы да бір пысықтап, қарастыруды тапсырдым. Нәтижесі бойынша, сарапшылар бұл шараның дұрыстығын басымырақ айтып отыр. Дей тұрғанмен, қоғамда бұл, сарапшылар айтқандай, тиімді болса, түсіндіру, маңыздылығын жеткізуді де тапсырып отырмын", – деді Ғани Бейсембаев.


Оқи отырыңыз: Оқу жылы енді 31 мамырда аяқталады: Оқушылар жазда неше күн демалады?


Ғани Бейсембаев қазір оқу жылының 36 аптаға созылғанын айтты. Бұл шараның 2018 жылғы PISA нәтижесі бойынша елдегі білім сапасының әлем елдеріне қарағанда жеткіліксіз болуына байланысты қолданылып отырғанын еске салды.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары