Көрме қатысушыларының назарына Берел, Шілікті және Елеке Сазы қорымдарынан шыққан жүзге жуық археологиялық олжа ұсынылған.
Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің Фицуильям мұражайында ашылған "Ұлы дала алтыны" (Gold Of The Great Steppe) көрмесіне қазақстандық археолог ғалымдар, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Әбдеш Төлеубаев пен Зайнолла Самашевтың қазба жұмысы нәтижелерінде табылған Шығыс Қазақстан облысындағы ежелгі сақ қорғандарының алтын артефактілері қойылды.
Олардың қатарында біздің дәуірімізге дейінгі VIII-III ғасырларда Орталық Азияда, атап айтқанда Қазақстанның Алтай тау жүйесінде үстемдік еткен скиф өркениетінің жәдігерлері, сақ қорғандарынан табылған құнды дүниелері бар. Көрмеде Берел, Шілікті және Елеке Сазы сияқты үш түрлі қорымнан шыққан жүзге жуық археологиялық олжа қойылған.
Экспозиция ежелгі сақтардың көшпелі мал шаруашылығы, тау-кен өндірісі және металлургия салаларында бірегей мәдениеті мен терең білімі болғанын көрсетеді. Бұл кезеңді ежелгі қазақтар тарихындағы "алтын ғасыр" деп те атайды. Киімі 15 мың алтын заттан тұратын "алтын адамның" қалдығы, экспозицияға қойылған ең бағалы экспонаттардың бірі.
Экспозиция Фицуильям мұражайында келер жылдың 30 қаңтарына дейін өтеді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚒 Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті
-
267
-
0
-
0
-
-
2📲 Шығыс Қазақстанда биыл 73 ауылда мобильді интернет жылдамдығы артады
-
245
-
0
-
1
-
-
3🏋️♀️ Қазақстанда спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларына қосымша ақы төлене бастады
-
257
-
0
-
0
-
-
4⏳ Барлық ХҚКО-да бірнеше қызметке өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады
-
258
-
0
-
2
-
-
5⛔️ "1971 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген". Алматы облысында ауылды жағалай өтетін канал көптің үрейін ұшырып отыр
-
261
-
0
-
1
-
-
6✈️ "Жанармай үшін әр билеттен ақы алған". Air Astana-ға 6,7 млрд теңге айыппұл салынды
-
260
-
0
-
3
-
-
7💵 "Бірнеше айға созылып кетеді". Асхат Аймағамбетов әлеуметтік саладағы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сынға алды
-
245
-
0
-
1
-
-
8💰 Еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін өзгертпек
-
257
-
0
-
0
-
-
9🐶 Тазы мен төбеттің қазақы ит тұқымдары екенін халықаралық тұрғыда ресми бекіту қажет – Кинологтар одағы
-
243
-
0
-
2
-
-
10🚧 Сарапшы: 2030 жылы сұранысқа ие болатын жұмыс орындарының 85%-ы әлі пайда болмады
-
240
-
0
-
0
-