Кембридж сөздігі "параәлеуметтік" ("parasocial") деген сын есімді 2025 жылдың сөзі ретінде атады. Бұл туралы сөздіктің сайтында жазылған.
Кембридж сөздігінің бас редакторы Колин Макинтоштың айтуынша, 2025 жылы бұл сөзге қызығушылық айтарлықтай артқан. "Параәлеуметтік" сөзі адамның танымал тұлғамен, кітап, фильм кейіпкерімен немесе жасанды интеллектімен байланысын білдіреді.
Сайттың жазуынша, 2025 жылы және оның алдындағы жылы бірнеше компания жекешелендірілген жасанды интеллект чатботтарын шығарғаннан кейін, параәлеуметтік қатынастардың психологиялық әсері туралы қоғамдық талқылау негізінен инфлюенсерлер мен танымал адамдарға қатысты болса, енді чатботтардың пайдасы мен қауіптері туралы да кеңейген. Бұл екі тақырып 2025 жылдың жазында тоғысты.
"Одан бөлек, бұл термин қоғамның танымал адамдарға, олардың өміріне деген қызығушылығы артқанын көрсетеді", – деді Колин Макинтош.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59

