Тікелей эфир

Каспий теңізінің жағасынан тағы да итбалықтар мен бекіре балықтарының өлекселері табылды

Мамандардың айтуынша, олардың өлімі әртүрлі уақытта болған.

Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауынан 25 итбалық пен бекіре тұқымдас балықтардың 33 түрінің өлекселері табылды. Бұл туралы ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"15 қазан күні сағат 10.40-та Жайық-Каспий өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауында мониторинг жүргізу барысында Баутино ауылының маңында 25 итбалық пен бекіре тұқымдас балықтардың 33 түрінің өлексесін тапты", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Ақтауда теңіз жағасынан өлі итбалықтар табылды.


Табылған теңіз жануарлары мен балық өлекселерінің әртүрлі ыдырау дәрежесінде екендігі атап өтілді. Бұл олардың өлуі әр уақытта болғанын көрсетеді.

Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің қырылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Серіктестер жаңалықтары