Тікелей эфир

Каспий жағасында 40 итбалықтың өлексесі табылды

Итбалықтар түнде батыстан соққан желден жағаға шығып қалған.

Каспий теңізі жағасының Маңғыстау облысы Тұпқараған ауданындағы бөлігінде итбалықтардың өлекселері табылып, қазіргі таңда олар жинастырылып жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық балық инспекциясы хабарлады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 112 - Ақтау - Актау (@112_aktau)

Инспекцияның мәліметінше, мониторинг тобы өлекселерге тексеру жүргізіп, олардың өткен түнде батыстан соққан желден жағаға шығып қалғанын анықтаған.

"Қосымша инспекторлардан құралған топ Түпқараған ауданына кетті. Оның ішінде экология департаментінің мамандары да бар. Ұшалардың теңізге шығуына солтүстік-батыстан толассыз соққан жел себеп болып отыр. Негізінен, итбалықтар теңізде өледі, табиғи ыдырау процесі кезінде қаңқалар қалқып, оларды қатты желмен жағаға шығып қалады. Әдетте, итбалықтардың өлімі ауа температурасы, басқа жерде су жылынған кезде пайда болады. Ал жел оларды жағаға шығарады, – деді Маңғыстау облысының балық инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Андрей Рудский.

Еске салайық, итбалықтардың жаппай күшіктеуі 10-25 ақпан аралығында өткен болатын. 


Оқи отырыңыз: Итбалық пен "Қызыл кітапқа" енген балықтарды аулауға рұқсат берілмек. Ол не үшін қажет


 

Серіктестер жаңалықтары