Тікелей эфир

Каспий теңізінің қазақстандық акваториясында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтеді

Оқу-жаттығулар жағалаудан 25 шақырым жерде теңіз кемесінде өтеді.

Қазақстанның терроризмге қарсы күрес орталығы 8 қарашада Каспий қайраңында оқу-жаттығулар өтетінін хабарлады.

Орталық авиацияны пайдаланады, сонымен қатар лаңкестік оқиғаларға қатысты шұғыл әрекет ету бойынша оқу-жаттығу шарасы жоспарланған.

"Осыған байланысты біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, оған қатысы бар мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз. Ақтаулық "Бриз" яхта клубында мемлекеттік органдардың арнайы бөлімшелерінің катерлерін суға түсіру жұмыстары пысықталады", – деп хабарлады Терроризмге қарсы күрес орталығы.

Серіктестер жаңалықтары