Каспий теңізіндегі аралда еңбек ететін мұнайшылар Құрылтай сайлауында белсенді дауыс берді

Фото: NCOC
Фото: NCOC
NCOC компаниясының Солтүстік Каспий жобасында еңбек ететін қызметкерлер Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысуда.

Биыл алғаш рет вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысындағы өндірістік нысандарда екі сайлау учаскесі ұйымдастырылды.

Оның бірі Батыс Ескенедегі "Болашақ" мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының "Самал" вахталық қалашығында орналасқан. №288 сайлау учаскесіне 1 397 сайлаушы тіркелген. Қазір учаскеде дауыс беру жалғасып жатыр.

Фото: NCOC

Өндірістік нысандардың аумағында сайлау учаскелерінің ұйымдастырылуы вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтарға жұмыс орнынан кетпей-ақ өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырып, сайлауға қатысуға мүмкіндік береді.

Жалпы, Атырау облысында 11 271 азамат вахталық әдіспен жұмыс істейді. Оның ішінде 3 575 адам – Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау