USD: 471.5 / 474.5
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйі сатылымға шығарылады

Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК
Құқық қорғау органдары жылжымайтын мүлікті заңсыз алу фактілерін анықтады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйі сатылымға шығарылады.

Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания Нұра ауданы Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан жертөле қабаты бар тұрғын үйді сатылымға шығарды. 

Нысанның бастапқы бағасы 1,8 миллиард теңге, кепілдік жарна – 117,9 миллион теңге болды. Сатылым 25 ақпан күні сағат 10.00-де өтеді. Үйдің фотосуреттері ҰҚК 2022 жылы Кәрім Мәсімов ұсталғаннан кейін жариялаған кадрлармен сәйкес келеді. 

Құқық қорғау органдары жылжымайтын мүлікті заңсыз алу фактілерін анықтады.

Фото: e-qazyna.kz

Еске салайық, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтардағы оқиға кезінде ұсталды. 

2023 жылғы сәуір айында Астанадағы сот Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, билікті күшпен басып алуға тырысқаны, билік пен лауазымдық өкілеттерін асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау