Әлемнің 26-ракеткасы Карен Хачанов Almaty Open чемпионы атанды. Ол финалда әлемнің 118-ракеткасы, канадалық теннисші Габриэль Диалломен кездесті.
Ресейлік теннисші қарсыласын үш сетте 6:2, 5:7, 6:3 есебімен жеңді. Карен Хачанов матч кезінде алты эйс жасап, бір қос қателік жіберді және 19 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.
Ал турнирдің жұптық сындағы финалдық кездесуінде үндістандық жұп Арджун Кадхе мен Ритвик Чудари Боллипалли тунистік-колумбиялық дуэт Скандер Мансури мен Николас Баррьентосты 3:6, 7:6(3), 14:12 есебімен ұтты.
Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет.
USD:
489.5 / 492.3
EUR:
566.5 / 571.5
RUB:
6.17 / 6.29
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…