Тікелей эфир

Кәмелетке толмай некелескен қыздар ұлдарға қарағанда 15 есе көп

Жастар шілде мен тамыз айларында көбірек отау құрады.

2021 жылы 140 300 қазақстандық азамат некеге тұрды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,9 пайыз көп. Қалалық елді мекендерде неке саны бірден 12 пайыз, 99 400-ге дейін өсті. Ал ауылдарда 1,9 пайыз ғана 40 800-ге дейін көбейді, деп хабарлады ranking.kz сайты. 

Ер азаматтар арасында:

  • бұған дейін некеде болмағандар – 113,2 мың;
  • ажырасқандар – 25,5 мың;
  • әйелі қайтыс болғандар – 1,7 мың.

Әйелдер арасында:

  • бұған дейін некеде болмағандар – 115,6;
  • ажырасқандар – 22,4;
  • жесір қалғандар – 1,9.

Өңірлер бойынша лидерлер:

  • Алматы – 18,8 мың, 18,8% көп;
  • Алматы облысы – 14 мың, 7,9% көп;
  • Түркістан облысы – 13,9 мың, 3,2% көп.

Оқи отырыңыз: Неке шарты неге жасалмайды?


Бәрінен аз неке Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді: 3,5 мың ғана. Алайда бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 19,9% көп.

Некелескен 140,3 мың жұптың ішінде 117,9 мың ерлі-зайыптының ұлты бір. Ал 22,4 мың жұптың ұлты әртүрлі.

Елде көбінесе қазақ, өзбек, украин, ұйғыр және орыс ұлттары отбасын құрған. Қазақ, өзбек және орыстар көбінесе өз ұлтының өкілімен некелескен. Ал 319 украин өз ұлтының өкілімен некелессе, қалған 2 мың украин басқа ұлт өкілімен отбасын құрды.

2021 жылы шілде айында 14,1 жұп некелесті. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 1,1% көп. Сондай-ақ, тамыз және наурыз айлары танымал айлардың қатарында болып шықты. Ал керісінше қаңтар, ақпан және мамыр айларында отбасын құрғандар аз.

2021 жылы шаңырақ көтерген ер азаматтардың орташа жасы – 27,9, (алдыңғы жылы 27,5). Әйелдердікі – 25,2, (24,8 болған еді).


Оқи отырыңыз: ҚМДБ ғұламалар кеңесі онлайн неке қиюдың пәтуасын шығарды


Кәмелеттік жасқа толмаған 57 ұл бала (алдыңғы жылы 72 болған еді) және 862 қыз бала (алдыңғы жылы 919) отбасын құрды.

Кәмелеттік жасқа толған 29 жасқа дейінгі отбасын құрған ер азаматтар саны 2,2%, 88,6 мыңға дейін өсті. Ал әйелдер саны 3,3%, 102,3 мыңға дейін өсті.

30 бен 54 жас аралығындағы отбасын құрған ер азаматтар саны әйелдерге қарағанда 36,9% көп: ер адамдар – 47,8 мың, әйелдер – 34,9 мың.

55 жастан асқан азаматтар ішінде 3,8 мың ер адам және 2,2 мың әйел адам некелесті.

Серіктестер жаңалықтары