Тікелей эфир

Joltap жобасы: елорда тұрғындары жұмысшы мамандықтарын оқи алады

Joltap жобасы аясында оқыту тегін жүргізіледі.

Joltap жобасы аясында елорда тұрғындарының жұмысшы мамандықтары бойынша қысқа мерзімді оқудан өтуге мүмкіндігі бар. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

Joltap  жобасы аясында оқыту тегін жүргізіледі. Қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары жетекші салалық кәсіпорындардың стандарттарына негізделетін болады.

Жоба аясында мынадай жұмысшы мамандықтарын меңгеруге болады:

  • Наубайшы;
  • Бариста;
  • Сатушы-кассир;
  • Қоғамдық тамақтану қызметкері;
  • Жеке тапсырыс тігіншісі;
  • Тігін жабдықтарының операторы.

Оқи отырыңыз: JOLTAP жобасы: Астанада Freelance Mumkindik бағдарламасы бойынша оқыту басталды


Жұмысшы мамандықтарына қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы тек Астана қаласының 18 бен 50 жас аралығындағы тұрғындарына қолжетімді. Барлық сабақ арнайы оқу сыныптарында өтеді. Оқытудың басталуы туралы толық ақпарат Instagram желісіндегі @joltap.kz парақшасында жарияланады. Кез келген елорда тұрғыны "Баршаға мүмкіндік" модульдік пунктерде кеңес алып, оқуға жазыла алады.

Күнделікті сағат 10:00-19:00 аралығында:

Ailand ОДО, Қорғалжын тас жолы, 2;
Magnum супермаркеті, Еділ көшесі, 26;

Күнделікті сағат 10:00-20:00 аралығында:

"Жастар" сарайы Республика даңғылы, 34;
"Тұлпар" СО Ш. Уәлиханов көшесі, 24;
Euromall СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 23;
"Встреча" СҮ Абылай хан даңғылы, 31;
Mechta СҮ, Сығанақ көшесі, 3;
"Азия парк" СОО Қабанбай батыр даңғылы, 21;

Күнделікті сағат 10:00-18:00 аралығында:

"Саянұр" базары Тілендиев даңғылы, 24/5;
"Big Шанхай" базары, Алаш тас жолы, 32а.

Серіктестер жаңалықтары